Әр түрлі

Биыл СҚО-да ауыл шаруашылығына 21 млрд теңгеге жуық несие қаржысы бағытталды

Елімізде ауыл шаруашылығын несиелендіру ауқымы артты. Ұлттық банктің мәліметі бойынша жыл басынан бері аграрийлерге 386,1 млрд теңгенің займы берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35 пайызға көп. Солтүстікқазақстандықтар аталған бағытқа 21 млрд теңгеге жуық несие рәсімдеген. Банктерден алматылықтар көп займ алған – 190,8 млрд теңге. Екінші деңгейлі қаржы ұйымдары несиенің басым көпшілігін ұлттық валютамен берген.
Гульден Симбаева