МТРА жаңалықтары

Жастар Қорғанда қазақ мәдениетін таныстырды

Қорғанда қазақ мәдениетін таныстырған жастар. Тамыздың 22-сі мен 27-сі аралығында өңіріміздің белсенді ұл-қыздары Ресейде өткен форумға қатысып қайтты. Шара барысында солтүстікқазақстандықтар халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсетті. Шекара асқандардың бірі – Диар Сұлтан. Ол 5 күн ішінде өзіне жаңа достар тауып, рухани азық жинап қайтты.

ДИАР СҰЛТАН, М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің оқушысы
– Спикерлермен қызықты әңгіме өтті. Әртүрлі курстардан өттік. Тамақ дайындап, орыс халқының ұлттық ойыншықтарын жасадық. Көптеген қатарластарым болды.
1-08 1-ші күні барлығымен таныстық. Ұлттық әндеріміз бен тағамдарымызды ұсынып, аспаптарымызда ойнадық.

Форумда солтүстікқазақстандық делегациядан бөлек, татар, орыс, башқұрт ұлттарының өкілдері болған. Сол себепті, Айлана Болатова бұл шараға қатысуға бірден ниет танытыпты. Бұрымды өзге ұлттардың мәдениетін тануға, тілін үйренуге құмар. Қазіргі таңда ол қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін біледі.

АЙЛАНА БОЛАТОВА, М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің оқушысы
– Өте қуаныштымын. Форум бізге жаңа достарды берді. Біз көптеген ұлттардың мәдениетін таныдық және салт-дәстүрлерін үйрендік. Форум мол пайдасын берді. Түрлі тілдерден азын-аулақ хабарым болғаннан кейін бе басқа ұлт өкілдерімен тез тіл табыстым.

Жалпы, Қорғанда өткен форумға Мамлют, Аққайың, Қызылжар аудандары мен облыс орталығынан 14 жас барыпты. Шекаралас елдегі бұл шараға жерлестеріміз бірнеше жылдан бері қатысып жүр.


Алдияр Айтпаев