Қыркүйек айы құбылмалы болуы мүмкін

Ауа райы

17:58 2 Қыркүйек 2022

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Жаз маусымы да аяқталды. Жерлестеріміз алдағы екі күн күннің шуағына бөленеді. Синоптиктердің болжауына қарағанда ауаның орташа айлық температурасы +30 градус жылы болады. Кейін біртіндеп төмендеу күтілуде. Күндіз +20-25 болса, түнде +10-15 градус болмақ.

Бүгін сынап бағанасы +33 градусты көрсетіп тұр. Ал осы айдың 10-ынан бастап жеңіл көйлек пен жейдені ұмытып, жылы күртелерді дайындай берулеріңізге болады. Сынап бағанасы түнде +1 +6 градус жылыны көрсетеді, кей жерлерде 2 градус суық болады екен. Оған қоса бірінші онкүндіктің ортасында жаңбыр жауады.

ТАТЬЯНА МАРЬИНА, «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша метеоболжамдар бөлімінің жетекшісі:
– Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +10 +15-тен +1 +6 градусқа дейін төмендейді. Кейін сынап бағанасы біртіндеп көтеріледі. +16 +21 градусқа дейін жылы болады. Облыстың оңтүстігінде +24 градус жылы болады.

Қыркүйек айының соңы да құбыла түседі. Түнде сынап бағанасы -1, -6 деңгейіне жетсе, күндіз +16-ға дейін жылынады.

ТАТЬЯНА МАРЬИНА, «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша метеоболжамдар бөлімінің жетекшісі:
– Осы айда жауын-шашын мөлшері қалыпты болуы тиіс. Норма: 22-34 мм. Жаңбыр бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басында және үшінші онкүндіктің басы мен ортасында жауады. Айдың соңында найзағай болады.

Мамандардың айтуынша 2003 жылдың 3-ші қыркүйегі осы айдың ең жылы күні деп белгіленген еді. Бұл күні сынап бағанасы +34 градусты көрсеткен. Ал күздің алғашқы айының ең суық күні 1955 жылы тіркеліпті. Бұл күні күндіз ауа температурасы -6 градус болған.


Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірге ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин келді