«Күміс жас» бағдарламасы аясында 6 адам жұмысқа орналасты

МТРА жаңалықтары

16:14 2 Қыркүйек 2022

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

Алма Бүженованың зейнетке шығуына әлі 2 жыл бар. Еңбек демалысына дейін бос отырмау үшін нәзікжанды мамандығы бойынша, яғни есепші болып жұмысқа орналасқысы келіпті. Алайда, жасына байланысты мекемелер өтінішін қабылдамаған көрінеді. Содан «Күміс жас» бағдарламасы туралы естіп, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Екі қолға бір күрек табылды. Бірақ, азаматша іс жүргізуші болып қызметке қабылданыпты.

АЛМА БҮЖЕНОВА – “Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі” ЖШС іс жүргізушісі
– «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» серіктестігіне уақытша іс жүргізуші болып орналастым. Алдағы уақытта есепші мамандығы бойынша жұмыс табылады деген үміттемін. Қазір зейнетке шыққан және сол жасқа таяған адамдарға, әсіресе, әйелдерге жұмыс табу қиын. Жаңа жобаның тигізер пайдасы зор. Еңбек өтілі ескеріледі және тиісті әлеуметтік төлемдер аударылып отырады.

Түсіндіре кетсек, «Күміс жас» бағдарламасы аясында зейнетке шығуға 2 жыл қалған қазақстандықтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жалақының 50 пайызын жұмыс беруші төлесе, қалғаны мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Еңбекақының ең жоғары шегі 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 91 мың теңге шамасында.

ӘЙГЕРІМ АСЫЛТАЕВА – қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы
–  Бұл жобаға салықтық, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ мекемелер жұмыс беруші ретінде қатыса алады. Келіп түскен өтінішті 5 күнде қарастырып, жұмыспен қамту орталығына жібереміз. Одан кейін зейнетке таяған азаматтар жасы мен мамандығына қарай әңгімелесуге барады. Жыл басынан бері 20-ға жуық адам өтініш білдірді. Алайда, еңбек шарты мен жалақы мөлшері көбісінің көңілінен шықпады.

Бүгінде республикалық бағдарламаның игілігін 6 солтүстікқазақстандық көріп отыр. Оның үшеуі әйел адам.


Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

МТРК жаңалықтары 21.09.22
МТРК жаңалықтары 30.09.2022
МТРК жаңалықтары 26.09.2022
МТРК жаңалықтары 16.09.2022
МТРК жаңалықтары 12.09.2022
МТРК жаңалықтары 13.09.2022
МТРК жаңалықтары 07.09.2022
МТРК жаңалықтары 19.09.2022
МТРК жаңалықтары 06.09.2022
МТРК жаңалықтары 27.09.2022
МТРК жаңалықтары 09.09.2022
МТРК жаңалықтары 23.09.2022