Спорт

Балуандар Белградта бақ сынайды

Қазақстандық балуандар Белградта бақ сынайды! Қыркүйектің 10-ы мен 18-і аралығында Сербия елінің астанасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтпек. Дәстүрлі додаға қатысатын ұлттық құрама сапында теріскейлік толағайлар да бар. Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов ел намысын 74 келі салмақ дәрежесінде қорғамақ. Ал классиктер арасында Аманғали Бекболатовқа артылған сенім мол. Қос спортшының қатарына Айдос Сұлтанғалиді де қосуымыз қажет. Қызылорда облысының атынан күресетін балуан – Петропавлдағы спорт мектебінің түлегі. Айта кетейік, алдағы әлем біріншілігінде 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады.


Байболат Култанов