Зауыт еңбеккерлері Жолдауға қатысты өз ойларын білдірді

МТРА жаңалықтары

16:21 1 Қыркүйек 2022

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші
– Бірер минуттардан кейін елімізде маңызды шара басталмақ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауын жариялайды. Саяси шараның өтетіндігін естіген Киров зауытының мамандары жұмысты бір сәтке ысырып, көгілдір экран алдына жиылды.

Көгілдір экраннан ел Президентінің сөз сөйлеуін жерлестеріміз асыға күтуде. Әрқайсысын “Мемлекет басшысы не айтады?”, “Қандай реформа қабылданар екен?” деген сұрақтар мазалап жатқандығы айтпаса да белгілі.

Бұл жолы Мемлекет басшысы өз сөзін ел экономикасында қордаланып қалған мәселелерден бастады. Дәлірек айтсақ, еліміздің шикізатқа тәуелділігі, еңбек өнімділігінің төмендігі мен инновацияның жеткіліксіздігі көтерілді. Әрине, бұл проблемалардың шешілу жолдары бар. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев баян етті. Кейіннен Президент халықтың тұмыс-тіршілігін жақсарту мақсатындағы бірқатар жоспарларымен бөлісті. Ұлтымыздың ұюына ұйытқы болар іс-шаралар кешені бірнеше бағыттан тұрады. Киров зауытының есепшісі Сәбина Балғабаеваға зейнетке шығу жасы межесінің төмендеуі мен орташа жалақыға енгізілген өзгертулер ұнапты.

СӘБИНА БАЛҒАБАЕВА, С.М.Киров атындағы зауыттың бас есепшісінің орынбасары
– Бүгін біз ұйымымызбен ҚР Президентінің кезекті халыққа жолдауын тыңдадық. Маған ең қатты ұнағаны әйенлдердің зейнетке шығу жасы 61 болып белгіленуі. Сондай-ақ, орташа жалақымыз 60 мыңнан 70 мыңға дейін көтерілді. Президентіміздің барлық бастамалары халқымыздың тұрмысын жақсартатынына сенемін.

Жолдауды ұйып тыңдаған Александр Криволапов та өз ойымен бөлісті. Азамат Президент елдегі өзекті мәселердің барлығын қозғады және жаңа пайдасы мол шараларды қолға алды дейді.

АЛЕКСАНДР КРИВОЛАПОВ, С.М.Киров атындағы зауыттың өндіріс жөніндегі басшысы
–  Мемлекет басшысының Жолдауы елімізде оң өзгерістер молынан болатындығын байқатты. Бұл жаңашылдықтар ешбір қазақстандықты сырт айналып өтпейді. Мемлекеттің көмегімен балаларымыз үшін қорға қаражат жинау мүмкіндігі пайда болатындығы қуантады. Нәтижесінде болашақта балаларымыздың өз үйі болады, сапалы білім де алады. Бұл бастамалардың жемісін алдағы уақытта көре жатармыз. Еліміздің одан сайын дамып, гүлдене түсетініне сенімім мол.

Өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев келешек ұрпаққа жағдай жасауға баса назар аударатындығын айтты. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Сондай-ақ, балабақшамен қамту мәселесі де жақын арада шешіледі.


Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

МТРК жаңалықтары 08.09.2022
МТРК жаңалықтары 06.09.2022
МТРК жаңалықтары 26.09.2022
МТРК жаңалықтары 23.09.2022
МТРК жаңалықтары 19.09.2022
МТРК жаңалықтары 15.09.2022
МТРК жаңалықтары 09.09.2022
МТРК жаңалықтары 12.09.2022
МТРК жаңалықтары 16.09.2022
МТРК жаңалықтары 13.09.2022
МТРК жаңалықтары 07.09.2022
МТРК жаңалықтары 30.09.2022