ТЖ

СҚО-да жыл басынан бері 444 өрт оқиғасы тіркелді

Соңғы 8 айда облыста 444 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың салдарынан 33 адам көз жұмды. Оның 2-уі – бала. Ал материалдық шығын көлемі 325 млн теңгеден асып жығылады. Оқыс оқиғалардың дені, яғни 76 пайызы жеке секторға тиесілі. Нақтырақ айтқанда, 336 өрт оқиғасы жер үйлерде орын алған. Сондықтан, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтып келмейтін апаттың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды мықтап қолға алған.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Тамыздың 15-інен өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы бастау алды. Іс-шара аясында мамандар тұрғын үйлерді аралап, азаматтарды қауіпсіздік ережелерімен таныстыруда. Пештердің қысқы маусымға әзірлігін тексеріп жатыр. Адамдар жылыту маусымына осы бастан сақадай сай болулары тиіс. Рейд барысында көбіне халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері тұратын үйлерге ерекше назар аударылып жатыр. Мұндай жұмыстар 1 ай көлемінде жүргізілмек.

Бүгінгі күні 4448 баспана есепке алыныпты. Онда 12 жарым мыңнан астам адам тұрады.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Өрт қауіпсіздігі айлығы бастау алғаннан бері 2 мыңнан астам үй тексерілді. Онда 4 мыңнан астам адам тұрады. 649 үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Баспана иелері олқылықтарды қауырт маусымға жою қажет. Жалпы, өрт қауіпсіздігі айлығына төтенше жағдайлар департаментінен 230-ға жуық маман жұмылдырылды.

Дмитрий Растихиннің айтуынша өңірде биыл орман өрті шамалы азайған. Былтыр мұндай 33 жағдай тіркелсе, биыл 29 жайт болды.


Дана Ешкенова