Спорт

“Quanish” волейбол клубына ойыншылар қосылды

 

“Quanish” ВК тыңнан ойыншылар қосылды. Қатарға бұған дейін қарағандылық ұжымда өнер көрсеткен Наталья Смирнова мен франциялық легионер Маива Орле қосылды. Болгариялық байланыстырушы да енді өңір намысын қорғайды. Спортшылармен бір маусымға келісім шарт жасалған. Сондай-ақ, жергілікті клубқа Филипп Влаичик есімді сербиялық бапкер келген. Айта кеткен жөн, командаға бірі келіп жатса, енді бірі кетіп жатыр. Мәселен, жақында ұжымның белді мүшесі Карина Денисова кетті. Жалпы, солтүстікқазақстандық құрама алдағы додаларға дайындықты тамыз айының басынан бастаған. Алда ел кубогы және клубтар арасындағы Әлем біріншілігі сынды дүбірлі додалар тұр.

АЗАМАТ ЕСІМОВ, “Quanish” ВК бас бапкерінің көмекшісі
–  Жоспарлар ауқымды. Биыл тек 1-ші орынды көздеп отырмыз. Қазан айында ел кубогы басталады. Ал қарашада ел чемпионатының 1-ші турындағы жорығымызды бастаймыз. Қызу дайындық үстіндеміз.


Алдияр Айтпаев