МТРА жаңалықтары

Облыс аумағында 4 күнде 12 қару тәркіленіп алынды


 

“Темір жинастырып жүріп тауып алдым”, “жөндеу жұмысы кезінде еден астынан шықты”. Қарулары тәркіленіп алынған тұрғындар тәртіп сақшыларына көп жағдайда осындай уәж айтқан.
Өңір полицейлері облыс аумағында тамыз айының соңында “Қару” жедел-алдын алу шарасын өткізіп, тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде заңсыз сақталып келген 50-ге жуық патрон мен 12 қару тәркіленіп алынды. Оның жетеуі – тегіс ұңғылы мылтық. Тәркіленген дүние сараптамаға жіберіліп, оқ-дәріні заңсыз ұстаған жандар жауапқа тартылды.

Гульден Симбаева