МТРА жаңалықтары

МТРК-ға – 24 жыл

 

Бүгін муниципалдық телеарнаға 24 жыл толып отыр.

Көрермен көзайымына айналған МТРК өз жұмысын 20-шы ғасырдың соңында бастады. Нақтырақ айтқанда, 1998 жылдың 1-ші қыркүйегінде муниципалдық телеарна ұжымы алғаш рет көгілдір экранға шығып, солтүстікқазақстандықтарға өңір жаңалықтарын тарата бастады. Бүгінге дейін мыңдаған шығарылым мен бағдарлама көрерменге жол тартты. МТРК-ны жас журналистердің мектебі десек артық айтқандық емес.
Себебі, ол – қаншама білікті маман мансабының бастауы болған арна. 24 жыл ішінде муниципалдық телеарнада жүздеген тілші еңбек етті. Қазір олардың көпшілігі еліміздің беткеұстар телеарналарында және ақпараттық агенттіктерде еңбек етіп жүр. Бүгінде бір отбасыға айналған МТРК ұжымы халыққа жаңалықты тез әрі сапалы жеткізу үшін аянбай тер төгіп келеді. Алдағы уақытта да арнадағы әр тілші халықтың игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуге дайын. Көгілдір экрандарыңызда муниципалдық телеарна қосулы болсын!


Дана Ешкенова