МТРА жаңалықтары

Ел бойынша 100 мың жасқа жұмыс табу мәселесі қарастырылмақ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын естіп, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандардың көңілі орнына түскені анық. Өйткені, келесі жылы еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы 100 мың жасқа жұмыс табу мәселесі қарастырылады. Солтүстікқазақстандық қоғам белсендісі Әлфараби Мыңбай өз ісін бастаймын деген жастарға 2,5 пайызбен кредиттік мөлшерлеме беру үлкен көмек болмақ.
ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, қоғам белсендісі:
– Жатақхана мәселесі туралы да сөз қозғай кетті. Тек қана Үкіметке ғана емес, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер де субсидия арқылы жатақхана салатын болса мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі делінді. Осы берілген тапсырмалардың барлығы үкімет мүшелеріне жүк болды.
Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар мен клиникалар ашылады. Бұл Жолдауға қатысты пікір білдіргендердің бірі – №3 қалалық емхананың директоры Асхат Өтебаев.
АСХАТ ӨТЕБАЕВ,№3 емхананың директоры;
– Солтүстік Қазақстанда халықтың 40 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады.  Ауылды жерлерде 2 жыл ішінде 650 медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады делінді. Сонымен қатар, президентіміздің медициналық гранттың саны 70 пайызға дейін көтеріледі деп атап өтті.
Жолдауда білім саласынан айналып өту мүмкін емес. Келешекте “Жайлы мектеп” жобасы іске қосылмақ. Ол дегеніміз 2025 жылға дейін біраз білім ошағы салынбақ, 800 мыңнан астам ұл-қыз сол мектептерде білім алады.