Білім

1-ші қыркүйек – Білім күні

 

Қыздардың басында ақ бантик, ұлдар мойындарына галстук байлаған. Үстерінде – дәстүрлі жаңа мектеп формасы. Бүгін еліміздің барлық білім ұяларында 1-ші қыркүйек білім күні аталып өтуде. Салтанатты жиын қаламыздағы Бірінші гимназия мектебінде де өтті. Шараға тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Аслан Ілиясов қатысып, жұртшылықты қала әкімі Руслан Аңбаевтың атынан Білім күнімен құттықтады.

люфт

– Қазақтың мақалы бар «Оқу инемен құдық қазғандай» деген. Бірақ, білімсіз болашақ жоқ. Оны бәріміз білеміз. Барлығы білімнің арқасында. Онымен бірге тәрбие беру керек. Бұның бәрін бірге жасауымыз қажет. Осы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Бірінші гимназияға 130-ға жуық бүлдіршін қабылданды. Бәрінің мақсаты – озат оқушы атану. Денис Сизухин бүгін мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұр. Балғынның айтуынша бұл сәтті көп күткен екен. Қуанышында шек жоқ.

ДЕНИС СИЗУХИН, Бірінші гимназияның 1-ші сынып оқушысы:
– Мен мектепке дайынмын. Жаз бойы дайындалдым. Кітап оқыдым. Бүгін сыныптастарыммен танысып, дос болдым. Бір бала тіпті көршім екен. Енді мектепке бірге барамыз.

Стефания Козлова да озат оқушы атануға ниетті. Оқу жылына жаз бойы дайындалған.

СТЕФАНИЯ КОЗЛОВА, Бірінші гимназияның 1-ші сынып оқушысы:
– Енді мектепте білім алатыныма өте қуаныштымын. Сәл қобалжып та тұрмын. 1-ші сыныпқа осынша бала келеді деп ойламаппын.

Міне, мектеп табалдырығын аттаған балғындар үшін алғашқы қоңырау соғылды.

Кейін әр оқушы тақпақ айтып, ән шырқап, билеп те берді.

Бүлдіршіндерін мектепке әкелген ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Олар өз кезегінде балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

блиц
– Бүгін Сәмира немеремізді әкелдік. Ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Балаларға сәттілік тілеймін.
– Қызым 1-ші сыныпқа қабылдандым. Қобалжып тұрмын. Өзімнің алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезім есімде. Осы мектепте қызым жақсы білім алады деген сенімдемін.

ӘСЕМГҮЛ ҚҰМАНҒОЖИНА, Бірінші гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
–  Бірінші гимназияда 906 ұл-қыз білім алады. Олардың 130-ға жуығы 1-ші сыныпқа қабылданды, 31 бала биыл мектепті тәмамдайды. Мектеп жаңа оқу жылына дайын. Кабинеттер жақсы жабдықталған, заманауи техникалар бар.

Жалпы, облыс бойынша 460-тан астам мектеп бар. Жаңа оқу жылында 74 мың ұл-қыз білім алмақ. Олардың 7600-ден астамы – мектеп табалдырығын алғаш аттағандар. Сонымен қатар, биыл мектептердің 100 пайызы 5 күндік оқуға көшіпті.


Самал Жунусова