МТРА жаңалықтары

Жемқор басшы

 

Өңірде пара алды деген күдікпен тағы бір басшы ұсталды! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері “Еңбек-Қызылжар” мекемесінің басшысын қолға түсірді. Бармақ басты, көз қыстылық әрекет тамыздың 23-ші күні болған. Заңның ала жібін аттаған теріскейлік сотталғандарды азық-түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпкерден қабылдау және тапсыру актілеріне кедергісіз қол қою үшін ақша алған. Сомма белгісіз. Параның мөлшерін жауапты сала өкілдері жұмбақ күйінде қалдырды. Тергеу кезінде экс-басшы өз кінәсін мойындаған. Ол соттың тағайындауымен үйқамаққа алыныпты.

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
–  Іс Қылмыстық кодекстің “Пара алу” фактісі бойынша қарастырылуда. Оның санкциясы бойынша тұлға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе алған парасынан 50-60 есе көп мөлшерде айыппұл төлейді. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Қорытындысын алдағы уақытта жария етеміз.


Алдияр Айтпаев