МТРА жаңалықтары

Тайыншалық шаруалар қысқа қамдануда


Қыстың қамын жаз ойла! Тайынша ауданындағы «Астық-STEM» серіктестігі алдағы қауырт кезеңге қамданып жатыр. Осы күні агроқұрылым өкілдері пішендеме дайындауда. Аумағы 362 га құрайтын мына алқапта судан шөбі өсірілген. Биыл мал азығы бітік шықты. Әр гектардан 2
тоннаға жуық өнім жиналуда.

ЕЛУБАЙ АҚАСОВ, «АСТЫҚ-STEM» ЖШС БАС ЗООТЕХНИГІ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:
–  Судан шөбін шауып жатырмыз. Ана басқа алқапта пішендеме дайындап жатыр. 4,5 мың тонна дайындалды. Сүрлем дайындап жатырмыз. Биыл көктем кішкене қысынқырау болды, кейін жауын жауып көмегі болды.

Сүрлемді шаруалар ашытылған әрі ұсақталған жасыл жүгеріден дайындайды. Мұндай мал азығында өсімдіктің пайдалы дәрумендері мен микроэлементтері 70%-ға дейін сақталып қалады. Елубай Ақасовтың айтуынша, биыл серіктестік өкілдері 5 мың тоннаға жуық сүрлем әзірлейді.

ЕЛУБАЙ АҚАСОВ, «АСТЫҚ-STEM» ЖШС БАС ЗООТЕХНИГІ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:
–  Биыл жаңа ферма салайын деп жатырмыз. 400 басқа. Малдың азығы өнімді және көбірек болу керек. Соған ертерек дайындалып жатырмыз.

«Астық-STEM» серіктестігінің өкілдері маңызды науқанда техниканың түр-түрін қолдануда. Бүгінгі күні агроқұрылымда “жаз шанаңды сайла” қағидасын ұстанатын 20-дан астам адам еңбек етеді.

Ұлан Ыдырыс