МТРА жаңалықтары

Малшылар слеті аясында Қызылжар ауданында көрме ұйымдастырылды

Күннің екінші жартысында малшылар слеті Қызылжар ауданындағы Чапаево селосында жалғасты. Аталған елді мекенде ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесі ұйымдастырылып, тегеурінді техникалар көрсетілімге шығарылды. Сонымен қатар, өңірде шығарылатын азық-түлік өнімдері жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те қатысты. Жиын соңында аққайыңдар өлкесінің үздік агросектор қызметкерлері марапатталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Бүгінгі слетке ауыл шаруашылығын ойлайтын адамдар жиналды деп ойлаймын. Ауылдың болашағы мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Жерің болса міндетті түрде мал шаруашылығымен айналысу керек деп ылғи айтамыз.


Самал Жунусова