МТРА жаңалықтары

Биыл 11 мың солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған

 

Биыл Қазақстанда 440 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде маңызды жоспардың 75 пайызы орындалыпты. Аққайыңдар өлкесінде халықты екі қолға бір күрекпен қамту көрсеткіші аса жоғары. Қазір республикалық тізімде аймағымыз көш бастап тұр. Жыл басталғалы 11 мың теріскейлік еңбекпен қамтылған. Олардың 72 пайызы тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал жалпы 2022 жылы облысымызда 13 мың жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл туралы халықтың табыс деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізген Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Жиын барысында вице-премьер өңіріміздің өзге салаларындағы көрсеткіштерге де жақсы деген баға берді.


Байболат Култанов