МТРА жаңалықтары

Тыл ардагері 100 жасқа толды

 

Қарты бар елдің қазынасы бар! Бүгін солтүстікқазақстандық тыл ардагері Татьяна Лобачева 100 жасқа толды. Сұрапыл екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Ресейдің тумасы 19 жаста болыпты. Ол отты жылдары ауылда қалған үлкен-кішімен алқапта күн-түн демей еңбек еткен екен. Тіпті, “Жеңіс үшін” деген ұранмен трактор, комбайн тізгіндеген сәттер де болыпты. Ғасыр жасаған қария киерге киім, ішерге тамақ табылмаған сол күндерді күрсіне еске алады. Жерлесіміз 1959-шы жылы аққайыңдар өлкесіне қоныс аударады. Мұнда тұрмысқа шығып, 1 бала тәрбиелейді. Қазіргі таңда қарияның немересі мен қос шөбересі бар.

ТАТЬЯНА ЛОБАЧЕВА, тыл ардагері;
– Ұлы Отан соғысы аяқталғанын ауылға келген аттылардан естідік. Олар жан-жаққа шапқылап, жеңіске жеткенімізді хабарлады. Сонда қуаныштан бөркімізді аспанға аттық. Көзімізге жас алдық. Көп ұзамай елді мекенге бөгде адамдар келіп, жиын ұйымдастырды. Басқосуда майданда көз жұмғандардың есімі аталды. Таныс аттарды естігінде не істерімізді білмей қалтырап қалдық. Бұл – өмірімдегі ең қорқынышты күн. Енді ешқашан соғыс болмасын!


Гульден Симбаева