МТРА жаңалықтары

Мәжіліс депутаты Юрий Ли полицейлермен кездесті

 

Солтүстік Қазақстан облысына жасаған іс-сапары аясында Мәжіліс депутаты Юрия Ли тәртіп сақшыларымен кездесті. Полиция департаментінде өткен жиында алаяқтықтың алдын алу жолдары жайлы айтылды. Сөз барысында халық қалаулысы санаулы күндерген соң күшіне енетін заң жобасы туралы айтып өтті.

ЛЮФТ: Юрий Ли, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
–  Өткен жылдың қараша айында алғаш рет қаржы ұйымдарын жарнамалаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы мәселе көтердік. Содан бастап ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде арнайы заң жобасын әзірледік. Оны маусым айында депутаттар мақұлдады, ал шілдеде Президет қол қойды. Су жаңа заң қыркүйекте күшіне енеді.

Өз кезектерінде құқық қорғаушылар депутатқа сұрақтар қойды. Сауалдардың дені соңғы уақытта елімізде кең етек жайған интернет-алаяқтықтың алдын алуға қатысты болды.

ЛЮФТ:

– Не планируются ли какие-то изменения и работа, допустим, с Нацбанком по усложнению онлайн-кредитов?

Депутаттың сөзінше, бұл – болашақтың еншісіндегі мәселе. Қоғамның қызу талқысындағы проблеманы біржақты ету үшін қаржы ұйымдары алдағы уақытта ауқымды жұмыс атқаруы тиіс. Яғни банктер өздікінен онлайн-несие рәсімдеуді күрделендіруі қажет. Жиын барысында халық қалаулысы полицейлерге халықаралық әріптестікті нығайту аса маңызды екенін тілге тиек етті. Елдер арасындағы байланыс одан әрі жақындай түссе, шекара сыртындағы алаяқтарды анықтау оңай болады.

ЛЮФТ:

– Нам нужно пересмотреть всю международную договорную базу в части расследования уголовных дел, касающихся трансграничной преступности, и особенно касающихся интернет-мошенничества, финансовых пирамид и всего, что с этим связано. 

Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембиннің айтуынша, мұндай кездесулер өзекті мәселелердің шешілуіне жол ашады.


Байболат Култанов