МТРА жаңалықтары

Қазақстанда күріш тапшылығы болуы мүмкін бе?

 

Биыл Қазақстанда күріш тапшылығы болуы мүмкін бе? Бейінді министрліктің мәліметінше, қазір елімізде аталған азық-түлік түрінің 28,4 мың тонна қоры бар. Ал, айлық қажеттілік 7,9 мың тоннаны құрайды. Осы ретте айта кетейік, қазанға дейін республикада 500 мың тоннаға жуық өнім жиналады деп күтілуде. Бұл шамамен 250 мың тонна күріш жармасын алуға мүмкіндік береді. Мұндай көлем ішкі қажеттілікті жабуға және шекара асыруға толығымен жетеді. Ұлттық статистика бюросы мен мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша ағымдағы жылдың 6 айы ішінде Қазақстаннан жалпы соммасы 22,3 млн доллорды құрайтың 49,5 мың тонна күріш сатылған. Негізгі әріптестеріміз – Ресей, Тәжікстан, Украина және Әзірбайжан.


Дана Ешкенова