МТРА жаңалықтары

БАҚ өкілдері 2-ЖЭО-да болды

 

БАҚ өкілдері №2 жылу электр орталығында болды. Мұнда қазір көктемде құлаған мұржа бұзылып жатыр. Іспен өскемендік 7 маман айналысуда. Шаруа оңай емес. Тәулігіне 1 метр қабырға қиратылады. Әлі 60 метр бар.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, «Севказэнерго» АҚ бас директоры:
–  Бұзу жұмыстарын қыркүйек айының ортасында бітіреміз. Мұржа 30 метрге дейін адам күшімен бұзылады. Қалғанын техника арқылы тындарымз. Кейін жаңа мұржа тұрғызылады. Оның құрылысы қазан айында басталмақ.

Осындай қысқа мерзімде маңызды әрі ауқымды жұмыс аяқталады ма? Журналистер «Севказэнерго» АҚ бас директорына осындай сұрақ қойды.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, «Севказэнерго» АҚ бас директоры:
– Я не вижу технологических вопросов. Которые невозможно решить при наличии людей и денег.
– А люди и деньги есть?
– Есть.
– Сколько людей?
– Людей сейчас порядка 500 человек работают. Это привлеченные подрядчики. Петропавловск, Нур-Султан, Алматы, Караганды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы 9-шы қазандық толығымен жаңартылды. 5-ші және 12-і агрегаттар қыркүйектің ортасына дейін қолданысқа тапсырылмақ. Осының нәтижесінде биыл 11 қазандықтың барлығы жұмыс істейтін болады. Олег Перфиловтың сөзінше, бұл қаланы жылумен толық қамтуға жеткілікті.


Самал Жунусова