МТРА жаңалықтары

Жануарлардың қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы болды

СҚО-да өткен аптада жануарлардың қатысуымен 3 бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соңғы жағдай тамыздың 20-сы күні Аққайың ауданының аумағында тіркелді. Мұнда трассаға шауып шыққан елікті қос көлік соққан. Салдарынан жануар мерт болған, ал “Hyundai Tucson” және “Audi 100” маркалы машиналарға механикалық зақым келген. Жүргізушілер мен жолаушылар аман. Полиция қызметкерлері адамдарды қауіпті учаскелерде белгіленген жылдамдықты асырмауға және аса сақ болуға шақырады.


Алдияр Айтпаев