МТРА жаңалықтары

СҚО-да биыл есірткі сатудың 46 фактісі тіркелді

Петропавлда синтетикалық есірткіні өндірумен, жарнамалаумен және сатумен айналысқан 2 қала тұрғыны ұсталды. Біреуі – 21, ал екіншісі 22 жаста. Заңның ала жібін аттаған екеу «Спайс» деп аталатын зиянды заттың 5 грамын 12 орында сақтаған. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Жігіттер 6 және 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

ЛЮФТ:

– Кружочек, и там лежит медицинская маска. – Обнаружена медицинская маска, в которой имеется свёрток с веществом… – Растительного происхождения.

Жігіттер синтетикалық есірткіні интернет-дүкен арқылы сатқан. Ал «Telegram» мессенджері арқылы жарнамалаған. Тінту кезінде біреуінің тұрғылықты жерінен зиянды ұнтақты жасауға арналған құралдар да тәркіленіпті. Айта кетерлігі, күдіктілер заңсыз бизнесті 2 апта бұрын ғана бастапты.

Бауыржан Әбділманов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
–  Пәтерді тексеру кезінде «Спайс» есірткісі бар 4 түйіншек, таразы, қаптама материал, ұялы телефондар, банк карталары табылды. 

Жалпы, жыл басынан беру облыста 46 есірткі сату фактісі тіркеліпті. Заңның ала жібін аттаған 22 тұлға сотталған.


Самал Жунусова