МТРА жаңалықтары

Ағайынды толғандырған мәселелер көтерілді

Сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру. Бұл – Айыртау ауданындағы ағайынды толғандырған басты мәселелер. Айта-айта жауыр болған проблемаларды тұрғындар «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдеріне жеткізді. Сонымен қатар, халық жұмыспен және баспанамен қамту, бизнесті қолдауды да сұрады. Әр мәселе мен шағымды аманаттықтар тыңдап, қағазға түртіп алды, жерлестерімізге бағыт-бағдар берді. Айта кетейік, қос тараптың мұндай форматағы кездесуі елімізде 4-ші шілдеден бастап өткізілуде. Бүгінге дейін бастауыш партияға мүше жандар 131 ауылдық округтің мыңға жуық тұрғынымен тілдесіпті. Отандастарымызды алаңдатқан проблемалардың 24% бірден шешілген екен.


Алдияр Айтпаев