Білім

Жаңа оқу жылына дайындық

Облыстық Тамыз педагогикалық конференциясы аясында “Дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау” атты пленарлық отырыс өтті. Шара барысында былтырғы жұмыстар қорытындыланып, алдағы оқу жылындағы мәселелер мен перспективалық бағыттар айқындалды. Оған өңірдің әр ауданынан жиылған сала өкілдері қатысты.

ГҮЛЖАН ЖАКАНОВА, “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының директоры:
–  Осы шарада біз 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер бойынша біраз ақпарат алдық. Соны жүзеге асыру жолдары айтылды. Сонымен қатар, алдағы оқу жылында қандай салада, қандай бағытта жұмыс жасау керек екені айтылды. Жақсы әдістемелік көмек алдық. 01,31 Сабақ кестесін қалай құру керек? Дарынды оқушылармен қалай жұмыс істеу керек? Нашар окитын балалармен қалай жұмыс жасау қажет? Осылар бойынша жолдарды анықтадық. Сонымен қатар, бізде профессионалдық білімді арттыру күндері болады. Ол мұғалімдерге арналған. Сол күндерді қалай ұйымдастыру керек. Бұл тақырып та қозғалды.

Ал Жанар Әбілова өз тәжірибесімен бөлісу үшін келген. Нәзікжанды Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатында қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Оқушылары республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Бүгін әріптестеріне биік белестерді қалай бағындырғанын, қандай әдіс-тәсілдер қолданғанын айтыпты.

ЖАНАР ӘБІЛОВА, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатының қазақ тілі мұғалімі:
–  Жетістік дегеніміз – 90 пайыз адамның маңдай-тері, еңбегі. Ал, 10 пайызы – шабыт. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқушыларды өмірге бейімдеу, яғни, оқу сауаттылығын дамыту, бірқатар тапсырмаларды орындау сынды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Осы бағытта біз мектеп қабырғасында дарынды балалармен көптеген жұмыстар жүргіземіз.

Дарынды балаларды қолдау бойынша өткен секциялық отырыстарда жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері, облыстық инновациялық және мамандандырылған мектептердің педагог-психологтар да жұмыс жүргізді. Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап облыстағы мектептердің барлығы 5 күндік оқуға көшеді.


Самал Жунусова