МТРА жаңалықтары

Тарихи туынды


Петропавлдық Виктор Кочнев тарихи туындының тұсауын кесті! Ол милицияда еңбек еткен ағасының деректеріне сүйене отырып, Ресей империясының негізін қалаушы 1-ші Петрдің қарамағында жұмыс істеген арғы атасы жайлы жинақты өмірге әкелді. Еңбек «Біздің күшіміз – жер бетінде» деп аталады. Онда жерлесіміздің бабасы – Тимофей Кочневтің бүкілресейлік императордың «Марс» атты кемесінің құрылысына қатысқаны жазылған. Сан ғасырлық мәлімет архивтерден алыныпты. Жинақтың таралымы – 30 дана. Олар автордың туыстарына таратылған.

ВИКТОР КОЧНЕВ, “Біздің күшіміз – жер бетінде” кітабының авторы;
– Белгілі болғандай, біздің ұлы атамыз – Кочнев Тимофей Егорович 1-ші Петрдің қоластында жұмыс істеген. Ол Ресей флотын салуға көмектескен. Мұны ұрпақтарымыздың есіне әрдайым салып отырамыз. Тарихи деректер ұмыт қалмауы тиіс.


Гульден Симбаева