МТРА жаңалықтары

Үш күндік рейд жүргізілуде

 

 

Бір сағаттық рейдтің шеңберінде патрульдік полиция көлігі жол қозғалысы қауіпсіздігінің бірден бірнеше бұзушылығын анықтады. Техникалық байқау картасының болмауы, жылдамдықты арттыру. Құқық бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Руслан Сүлейменов, СҚО ПД патрульдік полиция батальоның аға инспекторы:
–  Жүргізушілерге қатысты 590-баптың 9-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұдан кейін белгіленген жылдамдықты арттырғаны үшін 2 әкімшілік хаттама ресімделді.

Жыл басынан бері полицейлер жолда жүру ережесінің 40 мыңнан астам бұзылуын анықтапты. Оның 17 жарым мыңға жуығы – өрескел бұзушылықтар. Масаң күйде темір тұлпар басқарған 655 жүргізуші ұсталған. Олардың 174-і – бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған жандар. Жол қателікті кешірмейді! Ағымдағы жылдың 7 айында облыста 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 24 адам қаза тауыпты.

Байболат Култанов