МТРА жаңалықтары

Психикалық денсаулық орталығында семинар өтті

 

Психикалық денсаулық орталығында өңір тұрғындарына психиатриялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша облыстық семинар өтті. Семинарға бас дәрігерлермен облыстық медициналық ұйымдардын психиатр-нарколог мамандары қатысты. ДДҰ елдік офисінің Орталық Азия мен Қазақстандағы психикалық денсаулық жөніндегі ұлттық кеңесшісі Николай Негайдың айтуынша, әлемде депрессия көрсеткішінің 28% – ға, мазасыздықтың бұзылуының 26% – ға өскені байқалады. Кез-келген әлеуметтік-сыртқы фактор адамның психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер етеді.Сондықтан оның алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу қажет.

НИКОЛАЙ НЕГАЙ-ДДҰ ЕЛДІК ОФИСІНІҢ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСШІСІ
– Қазіргі емханаларда психологиялық денсаулық қызметі толығымен біріктірілген. Бүгінгі таңда көмек тек психикалық денсаулық орталығында ғана емес, сонымен қатар халыққа жақын жерлерде ДЕ көрсетілетін болады. Қазір жастардың денсаулық орталықтары да бой көтеруде, онда да ҚАЖЕТТІ жұмыстар жүргізіледі.

Психикалық денсаулық орталығына соңғы жылдары жас кадрлар тартылған.2020 жылы аймақта бір ғана балалар психиатры болса, бүгінде олардың саны 7-ге жетті.

ҚУАНЫШ АЛТЫНБЕКОВ- РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫ
– Жалпы, СҚО-да психикалық денсаулық бойынша көрсетілетін қызметтің дамуы байқалады.Соңғы жылдары орталықтар жас мамандармен толығып,ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қызметтердің барлық спектрі көрсетілетін бөлімдер ашылды.Біздің негізгі міндетіміз-алғашқы санитарлық көмек көрсететін дәрігерлермен тәжірбие алмасу,өйткені тұрғындар көп жағдайда психикалық денсаулығы бойынша санитарлық көмек көрсететін дәрігерлерге жүгінеді.

ЗКТ: СҚО-да “медициналық-әлеуметтік оңалту”бағдарламасы жұмыс істейді. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап психикалық денсаулық орталығында психобелсенді заттарға тәуелді адамдар үшін 20 -орынға арналған бөлімше ашылды.Жалпы өңірде мұндай сырқаттардың саны 500-ден асады.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ-СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
– Медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасы аясында психобелсенді заттарға тәуелді адамдар үшін қосымша тағы 20 орын ашуды жоспралап отырмыз. Ол Жамбыл ауданы Благовещенкада болады. Бізде менталды ауытқулары бар, аутизмге шалдыққан балаларға көп көңіл бөлінеді. Олар арнайы психолог, дефектолог мамандардың көмегін алады. Сонымен қатар, аутизмді 1,5 -3 жас аралығында ерте анқытау үшін скринингтер жүргіземіз.

Іс – шараның негізгі мақсаты медициналық ұйымдардағы психиатр-нарколог мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау.


Бердимурат Баймухан