МТРА жаңалықтары

Жолда абай болыңыз!

 

Облыс орталығындағы Қожаберген жырау мен Жамбыл көшелері қилысатын тұс – жүргізушілер үшін ең қауіпті жердің бірі. Айналма жолда автомобиль рөліндегі жандар бірін-бірі түсінбей, соқтығысып қалуы мүмкін. Кей сәтте мұндай жағдайға велосипед, скутер мен самокат тізгіндеген жандар да тап болуы ықтимал. Осының алдын алу мақсатында полицейлер көлік иелерімен профилактикалық жұмыс жүргізуде.

АНДРЕЙ БОБРОВ, велосипедші;
–  Легковые машины еще пропускают велосипед, а грузовые машины не пропускают.

Мұндай жағдайда тұрғын аса сақ болу қажет. Егер велосипедші темір тұлпарлардың қатарында жүрсе, оң жолақтан шықпауға міндетті. Ал айналма жолдың ар жағына шығуды көздесе тоқтап, қос дөңгелекті көлігін жолаушылар жолағы арқылы итеріп өту керек. Сонда ереже бұзылмайды. Тиісінше, адам өміріне келетін қауіп те азаяды.

Данияр Іргебаев, CҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің инспекторы;
– 652 Қожаберген жырау және Жамбыл көшелерінің бойындағы айналма жолда жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту мәселесі бойынша Әкімшілік полицияның қызметкерлері тексеру жүргізгенін хабарлаймыз. Басымдылық жол белгілері толық көлемде орнатылған. Жамбыл көшесі осы жол айырығында негізгі жол болып табылады.

Жалпы, «Қауіпсіз жол» республикалық акциясы аясында полицейлер 800 шақырымды қамтитын автомобиль жолдары мен көшелерде 397 тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсер ететін 294 олқылық анықталған және жолдарға жауапты 21 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.