МТРА жаңалықтары

Студенттік жатақханалар тексерілуде

Облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қаламыздағы жатақханаларда кезекті тексеріс жүргізуде. Рейдтік шара жергілікті Қозыбаев университетінің студенттер үйінен бастау алды.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:
–  Жыл сайын жатақханаларды 2 рет тексереміз. Қазіргі таңда жатақханаларымыз қандай күйде? Жаңа оқу жылына дайын ба? Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы сұрақтарға жауап ал үшін рейд жұмысын бастадық. Бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады. 25-27-ші тамыз аралығында студенттер келе бастайды. Сол кезде олармен сөйлесіп, жағдайларын да сұрайтын боламыз.

Бұл – Қозыбаев университетінің №1 жатақханасы. Мұнда енді жастар турникетке арнайы картаны жақындатып, кіретін болады. Яғни, ішке бөгде адамдар өте алмайды. Студенттердің бөлмелерінде тиісті жағдай жасалған. Wi-fi да жұмыс істеп тұр. “Интернеттің сапасы жақсы”,- дейді білім ордасының проректоры Ақмарал Тұрғалиева.

люфт
– Мы засиляем по три человека. До пандемии жили по четыре. А во времена карантина жили по два.  Недавно буквально дезинфекция была. Все здесь дезинфицировали. Сдвигали всю мебель. В некоторых местал убирали даже плинтуса.

Тексеруші топ асхана, дәретхана, жуынатын және кір жуатын бөлмеге де бас сұқты. Барлығы талапқа сай. Соңғысында ақылы кір жуғыш машина мен кептіргіш техника жұмыс істеп тұр. Бұлар студенттердің өтініші бойынша қойылыпты.

люфт
–  Иногда студенты приходят и закинут два носка. Отнимают время у других. Некоторым нужно срочно постираться. И вот они попросили установить и платные машинки.

Жатақхана дәлізінде қолжуғыштар тұр. Су үздіксіз ағады.

Мұндай рейдтік шара 2020 жылдан бері ұйымдастырылады. Былтырғы тексеріс барысында жатақханаларда бірқатар бұзушылықтар анықталыпты.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:
– Санитарлық нормаларға сай емес жатақханаларды анықтадық. Сонымен қатар, бөгде адамдар тұрып жатқан жайт та болды. Мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша жауапты органдарға хаттама жолданатын болады.

Жергілікті Қозыбаев университетінде 7 мыңға жуық жас білім алады. Биыл олардың 1400-і білім ордасының маңындағы жатақханаларға орналастырылмақ. Сонымен қатар, қара шаңырақтың басшылығы жергілікті компаниялармен 2 студенттер үйін жалға алу бойынша келісім жасасыпты.


Самал Жунусова