Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдік отырысы өтті

Облыстық әкімдік отырысы өтті. Алқалы жиында 2 мәселе қаралды. Олар: өңірдегі эпидахуал мен жаңа оқу жылына дайындық барысы.

Алдымен облыстық санитариялық-эпидемиологиядық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлова баяндама жасады. Оның сөзінше, ағымдағы жылдың 6 айында аймақта инфекциялық және паразиттік ауруларға шалдыққан науқастар саны ұлғайыпты.

Татьяна Горлова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
– Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру 45 пайызға артты. Скарлатина – 13, энтеробиоз – 37, ал туберкулезге шалдығу 35,4 пайызға ұлғайды. Соңғы аталған жұқпалы ауру ағымдағы жылы 102 солтүстікқазақстандықтан анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 жағдайға көп.

Өсім Шал ақын мен Есіл аудандарында айтарлықтай байқалады. Бұған не себеп? Бұл сұраққа денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құмар Күсемісов жауап берді. Биыл өткен жылға қарағанда өңірде зерттеу шаралары мықтап қолға алыныпты. Соның нәтижесінде аурулардың анықталу көрсеткіші артқан екен. Дегенмен, бұл жауап облыс әкімінің көңілінен шықпады.

Люфт:

– Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Отырыс қатысушылары коронавирусқа кеңінен тоқталды. Көпшілікке мәлім, наурыздың 4-ші жұлдызынан бері Солтүстік Қазақстан облысы
“жасыл” аймақта тұр. Алайда, соңғы айдағы статитстика көңіл көншітпейді. Алдағы уақытта аққайыңдар өлкесі “сары” зонаға өтуі мүмкін. Бүгінде 417 жерлесіміз тәж вирусына қарсы ем қабылдауда. Жерлестеріміздің 62-сі инфекциялық стационарларда жатса, 3-еуі – жансақтау бөлімшесінде.

Құмар Күсемісов, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
– Коронавирус жұқтыратын солтүстікқазақстандықтардың саны күн сайын артуда. Мысалы, өткен 2 аптада стационарларға жатқызылған адамдардың саны 40-тан 62-ге артты.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Облыста 45 мың адам тәж вирусын жұқтырған. Аудандарда да жұқтыру деңгейі артты. Сондықтан, аудан әкімдеріне жағдайды бақылауды тапсырамын.

Сондай-ақ, өңір жетекшісі иммундау шарасын жалғастыруды тапсырды. Бүгінге дейін солтүстікқазақстандықтардың 86 пайызы қос құрамды алыпты. Енді оқу жылына дайындық мәселесіне көшейік. Бүгінде өңірдің 26 мектебінде күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Ауқымды іске
облыс бюджетінен 2,5 млрд теңге бөлініпті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, өңірде су жаңа мектептер салынуда. Өткен жылы ғана Петропавлда 900 орынға шақталған білім ұясы қолданысқа тапсырылды. Алдағы уақытта шаһарда жатын корпусы бар 300 орындық түзету мектебі салынады. Қазір оның құрылысына қатысты жоба әзірленуде. Тайынша қаласы мен Вишневка ауылында да оқу ошақтары тұрғызылып жатыр.

Өз кезегінде облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков баяндама оқып, алдағы оқу жылына мектептер сақадай сай екенін жеткізді.

Нәзір Жәшібеков , СҚО білім басқармасының басшысы:
– Білім мекемелеріне оқулықтар сатып алуға және жеткізуге ағымдағы жылы 930 млн теңге бөлінді. Алынатын кітаптардың жалпы саны 4,5 мың дананы құрайды. Олар тамыздың 25-іне дейін барлық мектепке жеткізілмек.

Жиында аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмек көрсету жайы да сөз болды. Биыл “Жаппай оқыту” қоры есебінен 9 мыңнан астам солтүстікқазақстандық оқушыға кеңсе тауарлары мен форма сатып алынады. Әр балаға 37 мың теңге қарастырылыпты.


Дана Ешкенова