МТРА жаңалықтары

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Жаңа оқу жылының басталуына сәл қалды. Ал қыркүйектің қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысушылар көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созуда. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары №23 орта мектепте ұл-қыздары білім алатын 8 жанұяға ақшалай көмек көрсетті.

ОЛЬГА КЛИШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
–  Бүгін өз арамызда өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясы бастау алды. Бұл шара тек қаламызда емес, өңір аумағында ұйымдастырылады.

Бүгін көмек көрсетілгендердің бірі – көпбалалы Артёмовтар жанұясы. Отбасында 6 бала өсіп келеді. Сол ұл-қыздардың анасы Зоя Артемованың өзі мүгедек. Нәзікжанды мұндай қолдау жылда танытылатындығын айтады.

ЗОЯ АРТЁМОВА,
–  Біз депутаттарға, мектебімізге жыл сайын көрсететін осындай қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Қазіргі уақытта балаларды мектепке дайындау оңай емес. Дүкендегінің бәрі қымбат. Біраз қаржыны талап етеді. Ал мұндай жәрдем шығынды азайтады.

Білім ошағында мыңнан астам бала оқиды. Биыл бірінші сыныптың табалдырығын 140-тан астам бүлдіршін аттамақ. Мектептің өзі әлеуметтік осал отбасылардың балаларына кеңсе тауарларын алып береді

НҰРЖАМАЛ ҚОЖИНА,№23 орта мектептің директоры;
–  Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетіледі. Оларға тегін тамақтандыру қарастырылған.

“Мектепке жол” акциясы 1-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Облыстық мәслихат депутаттары өңірдегі 300 балаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Акцияға 30 депутат қатысуда.


Гульден Симбаева