COVID-19: Қазақстан

Әлемдегі эпидахуал

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дерекке сүйенсек, пандемия басталғалы тәж вирусын 590 млн астам адам жұқтырған. Эпидахуал күннен-күнге ушығып барады. Мәселен, Ресейде бір күнде коронавирусқа шалдығушылардың саны 24 мың адамға жеткен. Осыған байланысты көрші ел келесі айдың алғашқы жұлдызынан бастап маска тағу режиміне көшпек. Іргедегі Қытайда да жағдай мәз емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекциядан қорғану үшін халықты екпе алуға шақырады. Вакцинаның тиімділігі иммундау шарасына баса назар аударған елдерде байқалады.


– Қытайдың Хайнань аралындағы Санья қаласында карантин жарияланды. Әзірге індеттен көз жұмғандар туралы ақпарат жоқ. Аралда 80 мыңға жуық турист болған. Науқастар санының күрт артуына байланысты қалаға теміржол билетінің сатылуы тоқтап, барлық рейстер кейінге қалды.


Самал Жунусова