МТРА жаңалықтары

Сенат депутаты Ерік Сұлтанов Ақжар ауданында болды

Сенат депутаты Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Ақжар ауданында болды. Ең алдымен ол Дәуіт ауылындағы “Нур КААд Агро” серіктестігінің
диірмен базасында төбе көрсетті. Қазір мұндағы мамандар ұн тарту кешенін тұрғызу жатыр. Негізгі бөлшектері сонау Түркия елінен әкелініпті. Маңызды жобаға агроқұрылым 20 млн теңге көлемінде қаржы бағыттаған екен.

АЛТЫНБЕК СЫЗДЫҚОВ, “Нур КААд Агро” ЖШС бас инженері, Ақжар ауданы
– Диірменді ағымдағы жылдың соңына дейін ашамыз. Тәулігіне 45 тоннаға дейін ұн шығарылмақ.
Диірменді тұрғызудағы мақсат – осы аумақты толықтай ұнмен қамтамасыз ету, басқа да аумақтарға жіберу.

Болашақ өндіріс ошағында атқарылып жатқан шаруаға сенатор оң баға беріп, келесі объектігі бет алды. Бұл – Дәуіт пен Ленинградское ауылдары арасында салынып жатқан тасжол. Мұндағы жұмыс өткен жылы басталыпты. “Көкшетау Жолдары” серіктестігі жауапты іске 1 млрд 233 млн теңге бағытталған.

МАҚСАТ ҚАПАРОВ, учаске басшысы, Көкшетау қаласы
– 18 Жолдың жалпы ұзындығы 10 жарым шақырымды құрайды. Биыл бөлінген қаржының 1 млрд 16 млн теңгесі игерілді. Асфальт толықтай төселді. Енді құбыр өткізу, белгі қою және сызық салу жұмыстары қалды.

Атқарылып жатқан шаруа Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтановтың көңілінен шықты.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР Парламент Сенатының депутаты
–  “Көкшетау Жолдары” жақсы компания. Бұл серіктестік жайлы бұрыннан білемін. Жұмыс сапасы жоғары. Асфальт тақтайдай тегіс.

Өткен жылы Ақжар ауданындағы Ленинградское елді мекеніндегі №2 орта мектеп күрделі жөндеу көрді. Жасаған сапары барысында Ерік Сұлтанов аталған білім ұясында да болып, шаруамен танысты.

ҚАЙРАТ САДУОВ, Ақжар аудандық білім бөлімінің басшысы
–  Шатыры, терезесі, сырты және барлық кабинеттің есігі ауыстырылды. Кәріз жүйесі де ауыстырылды.

Мектептегі былтырғы оң өзгеріске 159 млн теңгеден астам қаражат бағытталыпты. Қомақты қаржының негізгі бөлігі нысанды жаңғыртуға, ал екінші жартысы Book Working және Coworking сынды кабинеттерді ашуға, интерактивті тақталар мен компьютерлер алуға жұмсалған екен. Жалпы, соңғы жылдары Ленинград ауылдық округінде бірталай шаруа атқарылыпты.

АСАН МАЙМАҚОВ, Ленинград ауылдық округінің әкімі, Ақжар ауданы
– Ленинград ауылдық округінде 4 мыңға жуық адам тұрады.
20 Өткен жылы 49 млн теңгеге Ленинград ауылына су тартылды. Биылғы жылы 100 кубтық су мұнарасы қойылды. Биыл Дәуіт ауылының көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 182 млн теңгеге Ленинград ауылында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл округке Қызылту ауылы да кіреді. Мұндағы көшелер де орташа жөндеу көріпті. Іске 320 млн теңге бағытталған екен.

Алдияр Айтпаев