Спорт

Петропавлда «Tartyl fest» фестивалі өтті

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Tartyl fest» фестивалі Петропавлға да жетті. Спорттық мерекенің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
– Бүгінгі «Tartyl fest» спорт мерекесіне қош келдіңіздер! Бұл фестиваль Қазақстанның 12 қаласынан өтіп, Петропавлға дейін жетті. Осы мерекемен қала тұрғындарын және қонақтарын құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Спорт мерекесі басталар алдында елдегі «Street workout» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жакупов бастаған шеберлер кермеге тартылып, өз өнерлерін көрсетті. Білекті жігіттердің шеберлігі таңдай қаққызады.

Бұл фестиваль Қазақстанның әр өңірінде бұқаралық спортты дамытуды, жастарды дене шынықтыруға баулуды көздейді. Оған кез келген жастағы адам қатыса алады. Тіпті, нәзікжандылар да бақ сынау мүмкіндігіне ие.

АЙТЫМ ЖАКУПОВ, «Tartyl fest» фестивалінің амбассадоры:
– Бұл еліміздің ең талантты және спортқа құштар жастарын анықтауға бағытталған фестиваль. Мұнда өз мүмкіндігін сынап, бағы жанған қатысушы ертең ірі додаларда өңірінің, тіпті, еліміздің намысын қорғай алады. Солтүстікте мықты қыз-жігіттер бар. Оны жақсы білеміз. Сіздердің облыстарыңызда «Street workout» жақсы дамыған. Сондықтан Петропавлға асыға жеттік.

Фестиваль алдында қатысушылар тіркеуден өтті. Бақ сынауға ниетті жандардың саны 277 құрайды. Араларындағы кішісі 7 жаста болса, ең үлкені 70-тің үстінде. Арнұр Мұхамметжанов кермеге тартылу үшін ауданнан арнайы келіпті.

АРНҰР МҰХАММЕТЖАНОВ, фестивальге қатысушы, Аққайың ауданы:
қаз, план292, Аққайың ауданынан келіп отырмын. 30 жастан жоғары және 80 келіге дейінгі қатысушылар арасында 22 рет тартылдым. Жобаны қолдаймын. 0,27 Әлеуметтік желіден көрдім. Қонаев қаласынан басталып, әр қалада өтіп жатыр.

Ал 10 жасар Глеб қанша тартылғанын санамапты. Ол енді нәтижесін бақылаушы мамандардан білмек.

ГЛЕБ ЗЕЛЬ, фестивальге қатысушы, Петропавл қаласы:
–  Мен гимнастикамен айналысамын. 6 жыл болды. Мұнда достарымның шақыруы бойынша келдім. Жаңа Айтым Жакуповтың кеңестерін құлақ түріп тыңдадым. Ол кермеге қалай тартылу керектігін түсіндіріп берді. Қазір бақылаушыдан өз нәтижемді сұраймын.

Жас спортшыны ата-анасы қолдай келіпті. Олар қаламызда балалардың тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін осындай іс-шаралар жиі өткізілсе дейді.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ,
–  Осындай шаралар өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Балам фестивальға қатысамын дегенде, бірден келісіп, қолдау көрсеттік. Оның өнеріне, батылдығына қуаныштымыз.

Фестиваль түнге жақын аяқталды. Ересектер арасында жеңімпаз – Рафаил Қадыров. Петропавлдық жігіт кермеге 45 рет тартылып, Қазақстан рекордын қайталады. Жүлдегерлерге 200, 100 және 50 мың теңгелік ақшалай сертификаттар табысталды.


Самал Жунусова