Білім

Орта мектептерде оқу жылы 2 аптаға ұзартылды

Білім беру саласындағы тың жаңалықтар! Биыл қазақ тілінде оқитын бірінші сынып шәкірттері “Әліппе” мен “Ана тілін” ғана меңгереді. Мектеп бағдарламасына орыс тілі – екінші, ал ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап енгізіледі. Мұндай дерек Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жария етілді. Сонымен қатар, ведомствода алдағы оқу жылын екі аптаға ұзарту туралы шешім бекітілді. Демек, енді қазақстандық оқушылар жазғы демалысқа маусымның алғашқы жұлдызында шығады.

ГРАФИКА:
– күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
– қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
– көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы);
– 1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы);
Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.


Байболат Култанов