Білім

Мыңнан астам студент мемлекеттік грантқа ие болды

Қазақстанда күні кеше гранд иегерлерінің тізімі шықты. Бұл күнді асыға күткендердің қарасы қалың болғаны анық. Өңірімізде жалғыз жоғары оқу орны бар. Қозыбаев университетіне өтініш жазған мыңға жақын жастың айы оңынан туды. Өткен жылға қарағанда биыл мемлекеттен бөлінген гранд саны шамамен 300-ге көп.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА – Қозыбаев университеті қабылдау департаментінің директоры
– 25-ші тамызға дейін құжаттарды қабылдаймыз. Олар “Egov” арқылы қабылданады. Содан кейін олар құжаттардың түпнұсқаларымен университетке келеді. Оқу маусымы 1-ші қыркүйектен басталады.

1-ші курс жастары жатақханамен қамтылады. Ол үшін қабылдау департаментінің өкілдеріне жолығып, өтініш толтыру қажет. Мамандармен байланысып, істі электронды форматта да тындыруға болады. Студенттер үйінен орын алу 25-ші тамызға дейін жалғаспақ.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА – Қозыбаев университеті қабылдау департаментінің директоры
– Биылдыққа университеттің өзіне мыңға жақын адам грант алды. Аризон университетіне 175 студент грант жеңіп алды. Аризон университетіне барам дегендердің қатары өте көп болды. Мыңға жақын өтініш болды деп те айтуға болады.

Бұдан басқа, “Қазақстан халқына” қоры 10 грант ұсынады. Оны әлеуметтік осал санаттағы талапкерлер алмақ.


Гульден Симбаева