Спорт

Қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионаты өтті

Петропавлда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионаты өтті. Шекара қызметінің 30 жылдығына арналған жарысқа 80 адам қатысты. Бәсеке барысында олар нағыз жігітке тән табандылық пен жеңіске деген жігер көрсетті. Нәтижеге тоқталайық. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне бұйырды. Екінші сатыға полиция департаментінің өкілдері жайғасты. Ал Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қола жүлдені қанағат тұтты.


Байболат Култанов