Спорт

“Qyzyljar” ФК Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

Өкінішке қарай, солтүстікқазақстандық “Qyzyljar” футбол клубының УЕФА Конференция лигасындағы жорығы аяқталды. Бейсенбі күні жергілікті ұжым кипрлік “АПОЭЛ” командасымен қарымта кездесу өткізді. “Астана Арена” стадионында өткен матч 0 де 0 есебімен аяқталды. Алғашқы ойында 1 гол айырмасымен қарсыластардың асығы алшысынан түскендіктен, келесі кезеңге қонақтар өтті. Енді теріскейлік аяқдоп шеберлері бар күштерін ішкі біріншілікке салмақ. Өйткені, Қазақстан чемпионатындағы жағдай мәз емес. Қазір “Qyzyljar” бар-жоғы 15 ұпаймен турнирлік кестенің 12-ші сатысында тұр. Алдағы қарсыласымыз – елордалық “Астана”. Қос клуб арасындағы кездесу тамыздың 20-ы күні сырт алаңда өтеді. Басталу уақыты – 16:00.

Байболат Култанов