МТРА жаңалықтары

СҚО-ға жұмыс сапарымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келді

Өңірге жұмыс сапарымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келді. Тамара Дүйсенова алдымен Тайынша ауданындағы
Келлер ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бұған дейін Атырау облысында, Жамбыл облысында болдым. Міне, енді сіздерге келіп отырмын.

Тамара Дүйсенова басшылық ететін министрлік үнемі ел аузында. Отандастарымыздың бірі зейнетке шығады, екіншісі әлеуметтік көмек рәсімдейді, ал үшіншісі жұмысқа тұрады. Тиісінше, халықтан сан алуан сұрақ түседі. Мәселелерді көпке созбай шешу үшін ведомство түрлі амал-тәсілдерді қолданысқа енгізуде. Соның бірі – “Отбасының цифрлық картасы” пилоттық жобасы. Оның көмегімен жәрдемақы төлем алушының өтінішінсіз аударылады.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Егер құқығыңыз болса, сіздің телефоныңызға автоматты түрде хабарлама жібереміз. Телефоныңыз болмаса, ауыл әкімшілігіне хабарлаймыз. Қарсылық танытпасаңыз, автоматты түрде тағайындап, шотыңызға жібере береміз. Мы начинаем эту работу с первого сентября.

Қазір халқы тығыз орналасқан өңірлердің тұрғындары еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстанып жатыр. Мұндай жағдайда министрліктен қаржылай қолдау көрсетіледі. Сондай мемлекеттік көмекті осыдан 6 жыл бұрын отбасымен Келлеровка ауылына көшіп келген Роза Әбдірахманова алыпты. Қазір оның үйі, жұмысы бар.

РОЗА ӘБДІРАХМАНОВА, Келлеровка ауылының тұрғыны, Тайынша ауданы
–  Отбасым 3 адамнан тұрады. Үй берілді. Өзім мектепке жұмысқа орналастым. Балам да еңбекпен қамтылды.

Жұмыс демекші, елімізде “Электрондық еңбек биржасы” атты портал құрылған. Қазір онда 113 мың вакансия бар. Арнайы сайтқа кірген жан екі қолға бір күрек таба алады.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Елімізде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барлығы еңбек биржасында болуы қажет. Сонда халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артады. Жергілікті жердегі ақпармен таныстым. Келлеровка ауылындағы жастардың 4,2% жұмыс істемейді екен. Міне, сол жандар порталға кіріп, Петропавлдан немесе Көкшетаудан екі қолға бір күрек таба алады.

Жиында тұрғындар министрге сұрақ қойып, тұщымды жауап та алды. Сауалдар әртүрлі бағытта болды.

ЛЮФТ

– Есть у меня сосед, у меня 5 детей, у него 6 детей. Мы одинаково ушли на пенсию. Вопрос в том, что 5 детей – пособие не доплачивается. 6 детей – доплачивается. У меня пенсия – 80 тысяч, у него – 100.
– Мы спустили с 10 на 8, с 8 до 6. Ну дальше спускать это наверное уже немножко подождать надо. Я понимаю, почему один ребенок и такая разница. Но мы поэтапно спустились в течении 10 лет. Я думаю, что и дальше так будет.

Кездесуден кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Келлеровкаға оңтүстіктен көшіп келген азаматтардың үйіне барып, жасалған жағдаймен танысты.

Байболат Култанов