МТРА жаңалықтары

Нәзікжандылардың зейнетке шығу жасы 58-ге төмендей ме?

Кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесуде министр мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке тоқталды. Ағымдағы жылы аққайыңдар өлкесіндегі көпбалалы аналар мен кембағал адамдарды қолдау үшін 10,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% көп. Жыл басынан бері өңірімізде 24 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 6,1 млрд теңгенің әлеуметтік жәрдемін алған.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Өздеріңіз білетіндей, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етеміз. Қамтасыз ету “Әлеуметтік қызметтер порталы” арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 1-ші тамыздағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы жоспар 75,4% орындалған.

Бұл кездесуден кейін ведомство басшысы солтүстікқазақстандық тілшілердің өзекті сауалдарына жауап берді. Елімізде нәзікжандылардың зейнетке шығу жасы 58-ге төмендей ме? Залдағы журналистердің бірі күллі әйелдер қауымының көкейінде жүрген сұрақты қойды.

 ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, қазір министрлікте әйелдердің зейнетақысын көтеру мәселесі де қарылып жатыр екен.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Әйел адам жұмыс істемей зейнетке шықса, бар-жоғы 24 мың 700 теңге алады. Бұл сомма бүгінгі есеппен есептелді.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде министрліктің басты мақсаты – зейнетке шығатын қазақстандық әйелдерге лайықты зейнетақы төлеу.

Дана Ешкенова