МТРА жаңалықтары

Алаяқпен болған әңгіме

Алаяқтар тұрғындардың телефонына хабарласуды қояр емес. Қазір олар көпшілікке үйреншікті “банк қызметкерінің” рөлінен шыққан. Бүгінде айлакерлер тәртіп сақшысы немесе прокуратура өкілі ретінде қоңырау шалатын болыпты. Жақында М.Жұмабаев ауданының тұрғынына өзін полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров деп таныстырған бәз біреу хабарласқан. Ер адам бірден күдіктеніп, әңгімені жазып алған екен.

ЛЮФТ:

– Значит, уважаемый, меня зовут Назаров Руслан Самарбекович, последний раз повторяю, зам.нач. ДП СКО, полковник полиции, курируемое направление – криминальная полиция и противодействие наркопреступности.
– А зачем Вы ругаетесь? Зачем кричать, Вы же сотрудник полиции, у вас должно быть… – Я хочу представиться Вам! – Ну что кричите? – Представьтесь Вы теперь!

Көп ұзамай “полицейдің” әңгімесі өзгерген. Тұрғынға телефонның ар жағындағы адам банк қызметкері сіздің атыңыздан несие рәсімдегелі жатыр, бұған жол бермеу үшін өзіңіз кредит алып, мен айтатын шотқа аударуыңыз қажет деген екен. Орын алған жайтқа қатысты полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың өзі түсініктеме берді.

Руслан Назаров, полиция департаменті бастығының орынбасары:
–  Алаяқтардың мақсаты – адамдарды қорқыту. Яғни, өзін заң өкілі ретінде таныстырып, ырқына көндіру. Сол арқылы қомақты ақшаны қалтаға басу.

Полиция қызметкері тұрғындарды сақ болуға шақырады. “Алаяқтар арам ойларын іске асыру үшін түрлі амал-тәсілге барады. Күдікті жағдай орын алғанда бірден құқық қорғаушыларға хабарлау қажет”,- дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Байболат Култанов