МТРА жаңалықтары

Саяжай учаскелері – полиция қызметкерлерінің бақылауында

Салт атты сақшылар саяжайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Бүгінде кавалериялық бөлімшенің жеке құрамында 17 адам мен 13 қызметтік жылқы бар. Мамандар күнде атқа отырып, облыс орталығының шеткері аудандарында орналасқан жазғы үйлерді тексереді. Басты мақсат -қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, құқық бұзушылықтың алдын алу.

ЛЮФТ:
– Всё нормально, вот, работаем на даче. – Информации нет для нас? – Нет, у нас всё спокойно в основном. 

Саяжайларда көбінесе көңілді отырыстардың соны заңбұзушылықпен аяқталады екен. Сондай-ақ, қараусыз қалған үйлерге тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғалардың иелік етуі де жиі кездеседі. Атқа қонған сақшыларды кез келген саяжай иесі «102» арнасы арқылы шақыра алады.

ДИАС ЖАНАЙДАР, қалалық ППБ полиция-кавалериcі:
– Саяжай маусымы басталғалы “Заречный” саяжай қоғамында өрт орын алды. Сондай-ақ, біз 2 бірдей қылмыстың алдын алдық. Баукеспелер саяжайдан металл ұрламақ болған.

Саяжайларға бас сұғып, жеміс-жидекті, көкөністі, құрылыс саймандарын және жазғы үйлердің ішіндегі техниканы қолды қылатындар да бар. Сондықтан салт атты сақшылар күн сайын рейд жүргізеді.


Дана Ешкенова