МТРА жаңалықтары

Жыл басталғалы өңір полицейлері 600-ден астам мас жүргізушіні ұстады

 

Өңірде мас жүргізушілерге тұсау болмай тұр. Жыл басынан бері теріскейлік тәртіп сақшылары рөлге ішімдік ішіп отырған 600-ден астам адамды құрықтаған. Ережеге пысқыра қарағандардың бірі Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылының маңында қолға түсіпті. 33 жастағы петропавлдық ВАЗ 2174 автокөлігін масаң күйде басқарған екен. Ол 15 тәулікке қамауға алынған. Дәл сол күні шамамен таңғы 4 кезінде Жезқазған-Петропавл трассасында 23 жастағы жігіт тоқтатылады. Тексеріс барысында оның жүргізуші куәлігі жоқтығы анықталады. Мұндай жағдайға тағайындалатын жаза – 20 тәуліктік қамау. Осыған ұқсас тағы бір құқық бұзушылық фактісі Аққайың ауданында тіркелді. Аталған ауданда МТЗ-80 тракторын мас күйде және арнайы құжатсыз басқарған 35 жастағы ер адам ұсталған.

Гульден Симбаева