МТРА жаңалықтары

Петропавл 2-ЖЭО қауырт маусымға дайындалуда

 

Петропавл №2 жылу электр орталығы қауырт маусымға дайындалуда. Бүгінде мамандар бел жазбай қазандықтарды әзірлеп жатыр. Қуат ошағының өкілдері жылыту кезеңін 7 агрегатпен бастамақ. Қараша айында бұл көрсеткіш 11-ге жетеді деген жоспар бар. Сондай-ақ, биыл құлаған мұржаны алмастыру үшін апат орнынан 50 метр қашықтықта 1-ші түтін мұржасының құрылысы бастау алады. Жоба дайын. Қазанда іргетасы қаланып, келесі жылдың сәуірінде нысанның өзі көтерілмек. Қалалық әкімдік өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, шаруаға жауапты мердігерлер бүгінде дәл осындай жобаны Павлодар қаласында іске асыруда

Гульден Симбаева