МТРА жаңалықтары

Биыл өңірде 184 жол-көлік оқиғасы орын алған

 

Соңғы 7 айда облыс жолдарында 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның 43-і жаяу жүргіншілердің қатысуымен болыпты. Соққының салдарынан 5 адам көз жұмып, 45 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал 19 жағдайда жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған тұрғындардың өздері кінәлі деп танылыпты. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері рейдттік іс-шараларды күшейткен.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, петропавлдық жаяу жүргіншілердің басым бөлігі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтеді. Ең көп заң бұзушылық орын алатын учаскелер – “Алтын Арман” мен “Тайга” базарларының маңы. Рейдтік іс-шара барысында тәртіп сақшылары бар-жоғы 2 сағаттың ішінде ережені елемеген 6 адамды тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды.

ДУЛАТ ЖАХИН, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:
– “Қауіпсіз жол” акциясы аясында Петропавл қаласындағы сауда үйлердің маңында рейдтік іс-шара өткізілді.

Петропавлда “Қауіпсіз жол” акциясы шілденің 19-ынан бастап өткізілуде. Бүгінге дейін мамандар жол қозғалысы ережесін бұзған үшін 606 жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартыпты.


Дана Ешкенова