МТРА жаңалықтары

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

 

950 мың теңге. Енді негізгі тағам өнімдерінің құны сауда үстемесінен асып кетсе, кәсіпкерлер дәл осыншама көлемде айыппұл арқалауы мүмкін.

Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел бола отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын бақылауды енгізді. Оның мақсаты – әділ және болжамды баға белгілеуді қамтамасыз ету. Бүгінде негізгі тағам өнімдерінің тізіміне 19 өнім түрі кіреді. Олар: түрлі жармалар, ет, сүт тағамдары мен көкөністер. Бұдан былай бұларға бекітілген сомма үстемесі 15% аспауы қажет. Егер ереже еленбесе,
ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерге 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.


Дана Ешкенова