МТРА жаңалықтары

Ауылдағы ағайынның үйіне таза ауыз су кіргізілуде

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші
–  Қазіргі таңда Мамлют ауданындағы Белое ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен осы бір құдық қамтамасыз етіп тұр. Тіршілік көзі жер астынан келеді. Ауыл азаматтары жұмасына 6 күн келіп, ауыз суды ала алады. Мына есік тек дүйсенбі күні ғана тұрғындар үшін жабық болады.

Жақында Белое ауылының тұрғындары құдыққа келуді қояды. Себебі, елді мекенге Мамлютка қаласынан ұзындығы 27 шақырымға жуықтайтын құбыр тартылған. Бүгінде желі кейбір үйлерге кіргізіліп те қойылған. Аса маңызды жобаның жалпы құны 560 млн теңгені құрайды. Іске көкшетаулық “Көкше Тех-Строй” серіктестігі жауапты.

ЖӘНІБЕК МӘДЖІТОВ, “Көкше Тех-Строй” ЖШС прорабы, Көкшетау қаласы
– Су тартқызамын деген кісілерге құбырларды өткізіп қойдық. Шамамен ауыл халқының 50% өткізді. Әр метрі 3 мың теңгеден тартылуда. Құдықтардың ішіндегі жұмыстарды осы айдың аяғына дейін аяқтаймыз деп ойлаймын. 1-17 Қазір іске 14 адам жұмылдырылған.

Белоедағы оң өзгеріске Любовь Ермолаева дән риза. Нәзікжанды бұл елді мекенде 30 жылдан артық тұрады. Осы уақыт ішінде ол ауылдастарымен бірге құдықтағы жерасты тіршілік көзінен бөлек, Белое көлінің суын да ішіпті. Енді ешқайда бармайды. Азаматша үйге құбыр кіргізу үшін 252 мың теңге ақша төлеген екен.

ЛЮБОВЬ ЕРМОЛАЕВА, Белое ауылының тұрғыны, Мамлют ауданы
– Суымызды берсе болғаны. Тіршілік көзін күткенімізге көп болды. Ауылдағы оң өзгеріске баршамыз қуаныштымыз. Алдағы уақытта үйдің бір бұрышына әжетхана, қол жуғыш орнатуды жоспарлап отырмын.

Ағайынға талай жыл арман болған су 15-ші қыркүйекке дейін берілмек.


Алдияр Айтпаев