COVID-19: Қазақстан

27 мың қазақстандық тәж вирусынан емделуде

 

Қазіргі уақытта 27 мыңнан астам қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр.

Соның мың жарымға жуығы – стационарларда. Дәрігерлер 35 адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылыпты. Ұсынылған соңғы дерекке сүйенсек, өткен тәулікте 1373 отандасымыз тәж вирусын жұқтырып алған. Соның 26-сы – солтүстікқазақстандық. Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы ғана “сары” аймақта. Қалған өңірлер қауіпсіз “жасыл” зонада.


Дана Ешкенова