Ерiктiлер

“СҚО-ның Күміс еріктілері” ҚБ 300 мың теңге грант ұтып алды

 

Жерлестеріміз жарады! Осыдан жарты ай бұрын ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша “Қызылорда еріктілері” қоғамдық қоры байқау жариялаған болатын. Оған еліміздің барлық өңірінен волонтерлер қатысты. Олар конкурсқа алдағы уақытта қолға алғысы келетін бастамалары туралы жоба жолдаған. Қазылар алқасы әр жұмыспен танысыпты. Нәтижесінде “СҚО-ның Күміс еріктілері” қоғамдық бірлестігінің еңбегін жоғары бағалап, теріскейлік ұжымға 300 мың теңгенің грантын табыстапты.

СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, “СҚО-ның Күміс еріктілері” ҚБ жетекшісі:
–  Біз “Мейірімді жүрек” бағыты бойынша әлеуметтік жоба әзірледік. Бастама аясында қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесетін боламыз. Мәселен, күзгі уақытта жалғызілікті жандар мен мүгедек адамдардың көкөнісін жинап, отынын дайындап береміз. Басқа да тұрмыстық шаруаларды тындыруға жәрдемдесеміз. Сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға да көмек қолын созамыз. Болашақта өңір аудандарында “Күміс еріктілер” тобын құрғымыз келеді.


Гульден Симбаева