МТРА жаңалықтары

СҚО-да жыл басталғалы 900-ден астам велосипед қолды болған

 

Облыста велосипед ұрлығы өршіп тұр. Бұған бас шайқатар статистика дәлел. Жыл басынан бері өңірде 900-ден астам қос дөңгелекті көлік қолды болған. Бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі жаздың басында Петропавлдағы Васильев көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелді. Мұндағы есігі ашық тұрған подъезден жалпы құны 400 мың теңгеден асатын 3 бірдей велосипед ұрланған. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды. 19 және 22 жастағы нұрсұлтандық жігіттер қаламызға арнайы келіп, арам ойларын жүзеге асырыпты. Олар оңай жолмен келген мүліктің бірін интернет арқылы сатып та үлгерген екен. Ал сатылмаған екеуі иелеріне бірден қайтарылған. Құқық қорғаушылар шаһар тұрғындарына велосипедтерін қараусыз қалдырмауды ескертеді.


Самал Жунусова